Атырау облысында педофил 8 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында алты жасар қыз баланы зорлаған педофил 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Құрманғазы аудандық соты Атырау облысындағы Құрманғазы ауданына қарасты Кудряшево ауылының 30 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Іс материалдарында ер адамның далада ойнап жүрген 6 жасар қыз балаға балмұздақ пен сағыз беріп, тағы балмұздақ сатып әперуді уәде етіп, танысының үйінің ауласында тұрған дәретханаға кіргізгені, онда оған қатысты азғындық істерін жасағаны айтылады. Сот отырысының барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады», - деп хабарлады Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен педофил ҚР ҚК-нің 124-бабының 1-бөлімімен («Кәмелеттік жасқа жетпегендерді азғындық жолға түсіру») қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танылып, оған жалпы режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар