Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Атырау облысында пайдаланылмаған 21 мың гектардан астам жер кері қайтарылды

2022 жылғы 31 мамыр 03:10

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған 21 мың гектардан астам жер кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жыл басынан бері көлемі 21552,25 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 23 жер учаскесі мемлекетке кері қайтырылған.

Атырауда игерілмеген жайылым жерін мемлекетке қайтару мақсатында жиын өтті.

Оған Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен атыраулық шаруалар қатысты.

«Біздің жұмыс сапарымыздың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы түйінді мәселелерді шешу жолдарын қарастыру. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің жоспарымыздағы басты басымдық – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан жер телімдерін кері қайтару. Осыған орай өңірлердегі жағдайды саралап, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстарын саралауды көздедік», -дейді аталған комитеттің басқарма басшысы Айдос Абдрахманов.

Облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Гүлзия Құрманованың мәліметінше, жыл басынан бері 21552,25 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 23 жер учаскесі мемлекетке қайтырылған.

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін мақсатты пайдалануға қатысты қалалық, аудандық жер қатынастары бөлімдері түгендеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмеген 75 жер учаскесі туралы ақпарат жер ресурстарын басқару комитетіне жолданды», -дейді Гүлзия Құрманова .

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысына сәуірден бері 480 тонна қант жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.


Автор:

Бек Мұстафа

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары