Атырау облысында параның орташа мөлшері аталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –облысында параның орташа мөлшері аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысытық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың мәліметіне сүйенсек, алдын алу және қылмыстық-құқықтық шаралар кешенін енгізу нәтижесінде өңірде сыбайлас жемқорлық қылмысының 39%-ға төмендеу үрдісі байқалған.

«Мәселен, 2020 жылдың 9 айында 95 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген еді. Ал, биылғы 9 айда 58 дерек тіркеліп отыр. Анықталған қылмыстар құрылымында парақорлық (41), ұрлау және алаяқтық (15) деректері елеулі үлеске ие. Есепті кезеңде 28 адам сотталды. Департаменттің ықпалымен жергілікті қазынаға 548 млн 803 мың теңге қайтарылды» -дейді Айдос Мамыт.

Оның айтуынша, 9 айда 10 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 млн 479 мың теңге айыппұл салынған. Осы кезеңде 21 ер адам мен 6 әйел жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған.

«Сыбайлас жемқорлық дерегін көп тіркелетін үштікке құқық қорғау органдары (18 дерек), әкімдіктер (11 дерек) мен салық саласы (11 дерек) кірді. Биылғы жылы параның орташа мөлшері 13 мың теңгені құрап отыр. Ал, былтыр бұл көрсеткіш шамамен 5 млн теңгеге тең болды. Атырау облысында 2020 жылғы параның жалпы мөлшері 193 млн теңгені құрады. Ал, биылғы 9 айдағы параның мөлшері – 507 мың теңге» -деп мәлім етті Айдос Мамыт.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендегенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар