Атырау облысында пара алып келген басқарма басшысы тергелуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысының Исатай ауданында тауарлар мен қызметтердің сапасына жауапты басқарманың басшысы ұдайы пара алып келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Атырау облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті Исатай аудандық басқарасы» РММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, басқарма басшысы қоғамдық тамақтану саласындағы жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен 50 мыңнан 80 мың теңгеге дейін сомада үнемі пара алып келген деп айыпталуда.

«Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», - деп атап өтеді агенттіктен.



Соңғы жаңалықтар