Атырау облысында өткен тәулікте 18 адам коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында өткен тәулікте 18 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қауіпті вирусты жұқтырушылар қайта көбейе бастаған.

«Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 науқас анықталды. Атырау қаласында Covid-19 инфекциясына шалдыққан 12 жағдайы расталды. Ал, Теңіз кен орнында 6 науқас анықталды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір 77 адам үй жағдайында, 84 науқас инфекциялық стационарларда емделу үшін оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 57, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда – 17, аудандардағы инфекциялық стационарларда 10 пациент хаттамаға сәйкес емделіп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жағдайы ауыр 12 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар