Атырау облысында онлайн санақтан өткендер саны 220 мың адамнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында онлайн-санақтан өткендер саны 220 мың адамнан асты. Бұл облыс тұрғындарының 33,24 пайызын құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросы Атырау облыстық департаментінің басшысы Галя Мұханғалиеваның айтуынша, халық санағын жүргізу үшін Атырау қаласы мен аудандарда 90-нан астам арнайы бұрыш ашылған.

«Атырау облысында онлайн режимінде халық санағынан 220 738 адам өтті. Бұл – облыс тұрғындарының 33,24 пайызы. Оның ішінде 195 186 адам sanaq.gov.kz сайты, 21 552-сі egov.kz порталы, ал 4 мыңы Aitu мобильді қосымшасы арқылы санақ парақтарын толтырды. Онлайн-санақтан өткендердің басым бөлігі Атырау қаласында (95 845 адам)

тіркеліп отыр. Құрманғазы ауданында 23 384, Жылыойда 22 083 адам санаққа қатысты», -

дейді Галя Мұханғалиева.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 145 мыңнан астам адам онлайн санақтан өткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар