Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Атырау облысында онкологиялық аурулар 119 пайызға төмендеді

2022 жылғы 14 маусым 04:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында онкологиялық аурулар көрсеткіші 11,9 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық онкология диспансерінің директоры Эльмира Сапарованың мәліметінше, былтыр қатерлі ісікпен ауыратын 1063 науқас тіркелген.

«Өңірде онкологиялық аурулардың жоғары көрсеткіші Мақат, Қызылқоға, Индер аудандарында тіркелген. Оның ішінде біріншіден, өкпе рагы, екіншіден, сүт безі, үшіншіден колоректалді обыры басым болып тұр. Төртіншіден, асқазан обыры асқынған. Жатыр мойны және сүт безі обырын анықтау үшін әйелдерді скринингтік тексеру көрсеткіші сәйкесінше, 92% және 94% қамтыды. Тексерудің нәтижесінде, сүт безі обырының 26, жатыр мойны обырының 16, тоқ ішек қатерлі ісігінің 5 жағдайы ерте сатысында анықталды», -дейді Эльмира Сапарова.

Оның айтуынша, онкологиялық аурулардан өлімнің төмендеуі 100 мың тұрғынға шаққанда 74 пайызды құрайды. Осы көрсеткішті сақтап қалу үшін және өлімнің алдын алу мақсатында тұрғындардың емханаларға дер кезінде жүгіну қажет.

«Биылғы жыл басынан бері қатерлі ісікпен 241 науқас тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29 науқасқа азайып, ауру көрсеткішінің динамикасы 11,9 пайызға төмендеді», -деп мәлім етті Эльмира Сапарова.

Атырау қаласындағы онкология диспансері 1973 жылы ашылған. Алдағы жылы онкология диспансері мен радиология үшін жаңа ғимараттың құрылысын жүргізу жоспарланған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда онкологиялық диспансердің есебінде 4 500 адам тұрғанын хабарлаған едік.


Автор:

Бек Мұстафа

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары