Атырау облысында оқушы саны 600-ден асатын мектептерде сабақ онлайн өтеді
2022 жылғы 14 қаңтар 21:44

Атырау облысында оқушы саны 600-ден асатын мектептерде сабақ онлайн өтеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 600-ден астам оқушысы бар мектептерде сабақ онлайн өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын «қызыл» аймақтағы Атырау облысында 437 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының күрт өсуіне байланысты 1 780 орындық резервтік төсек-орын дайындалған еді.

Осыған байланысты бүгін Атырау облысында карантин шаралары күшейтілді.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы А.Бекешеваның қаулысына сәйкес, енді 600-ге дейін оқушысы бар мектептер сабақты штаттық режимде өткізеді.

Ал, 600-ден асатын оқушы оқитын мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшеді.

Сондай-ақ, 0,1 және 2-сыныптарда оқушылар штаттық форматта оқиды. Мектептерде 3, 4, 5-сыныптардың оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылады.

Кезекші сыныптарда оқушы саны 15 баладан артық болмауы керек.

«Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту аралас оқыту форматына: барлық дәрістер онлайн, тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде, вакцинацияланған оқушылар мен толық вакцинация курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қарауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі. Эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында жеке сабақтар штаттық режимде, топтық – 10 адамға дейін, мүмкіндігі шектеулі балалар/ересектер үшін түзету (коррекция) орталықтарында/бөлмелерінде жеке және 8 адамға дейінгі топтық сабақтар штаттық режимде өткізіледі», -делінген жаңа қаулыда.

Жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT