Атырау облысында оқулықтарды сатып алуға 1 млрд 667 мың теңге бөлінді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында оқулықтарды сатып алуға 1 млрд 667 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтың айтуынша, жаңа оқу жылында 143 мыңнан астам оқушы мектепке барады. Өңір мектептерінде 14 мың мұғалім жұмыс істейді.

«Мектеп мұғалімдері толықтай вакцина алды. Барлық мектепке дезинфекциялық құралдар сатып алынды. Оқулықтарды сатып алуға 1 млрд 667 мың теңге қаржы бөлінді. Қазір 15 баспа үйімен келісім жасалды» -дейді Сатқан Есенғалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 14 мыңнан бала 1-ші сыныпқа баратынын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар