Атырау облысында нан қымбаттамайтын болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда әлеуметтік нанның бөлшек сауда бағасы өз қалпында қалады. Баға тек негізгі тағамдардың көтерме бағасы үшін қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Давлетов мәлімдеді. Оның айтуынша, егер нанның көтерме бағасы қазір 55 теңге болса, онда ол кейін 60 теңгеге дейін көтеріледі.

«Нанның бөлшек бағасы бір деңгейде қалады және 65 теңге болады. Біз барлық ірі сауда орталықтарының басшыларымен кездестік және дүкендердегі нан құны 65 теңгеден жоғары болмауы керек деген келісімге келдік», - дейді Руслан Давлетов.

Бүгінгі күні Атырауда 14 наубайхана «әлеуметтік» нан пісірумен айналысады. Айта кету керек, Атырау қаласында 338 139 адам тұрады, бір айда нан тұтыну деңгейі - 788 991 кг.

«Жалпы тұтынудың 25%-ы «Дәулет нан» өндірістік кешеніне тиесілі, мұнда тәулігіне 8 мың нан пісіріледі», - деп нақтылады Руслан Давлетов.

Еске сала кетсек, Атырау облысында бірінші сұрыптағы ұнның бір килограмы 115 теңгеге дейін көтерілді.

Соңғы жаңалықтар