Атырау облысында мүйізді ірі қараның неден қырылғаны анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Индер ауданында мүйізді ірі қараның неден қырылғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұдан бұрын Индер ауданының Жарсуат ауылындағы Қурайлы сай каналы мен Айдын учаскесіндегі егістік алқабында​ 13 мүйізді ірі қараның өлімі тіркелген. Облыстық мал дәрігерлік​ зертханасына жіберілген сараптама нәтижесіне сәйкес, сиырлардың өлімі егістік алқабында жиналмай қалған пиязды шамадан тыс жеу салдарынан болған.

«Индер аудандық ветеринариялық инспекциясы мен ветеринариялық стансасының мамандары​ өлген малды​ ережеге сәйкес сойып, тексеру жүргізді. Соның қорытындысында мүйізді ірі қараның пиязды шамадан тыс мөлшерде жеп, ас қорыту жолдары қызметінің нашарлауынан өлгені анықталды.

Зертханалық сараптау нәтижесінде малдың ішкі құрылысында нитрат, нитрит және алколоидттер қалыпты жағдайда болған» -дейді Индер аудандық әкімінің​ орынбасары Салауат Өтеғұлов.

Қазір Индер ауданының әкімдігі егістік алқабындағы өнімін уақытылы жинамаған жеке кәсіпкерге әкімшілік шара қолдану туралы аудандық прокуратура мен облыстық жердің қорғалуы мен пайдалануын бақылау басқармасына хат жолдады.


Соңғы жаңалықтар