Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі 3,5 мың бала бар

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 22 775 мүмкіндігі шектеулі жан бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мәліметінше, барлық санаттағы мүгедектердің саны – 22 775 адам.

«Оның ішінде І топта 1 984, ІІ топта 9 845 мүгедек есепке алынған. Ал, 7 421 адамға ІІІ топтағы мүгедек санаты берілген. Мүмкіндігі шектеулілер қатарында 3 525 бала бар. Биылғы жеті айда мүгедектігі бар адамдардан жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 13 982 өтініш түсті. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар 6 814 құралмен, өзге де қызметтермен қамтамасыз етілді», -деп хабарлады басқарма мамандары.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар