Атырау облысында мешіттерде жұма намазын оқуға шектеу қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында мешіттерде жұма намазын оқуға шектеу қойылды. Мешіттер сенбі, жексенбіде жабық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының мәліметінше, «қызыл» аймаққа енуіне байланысты мешіттерде ұжымдық намаздарды оқуға уақытша шектеу

қойылған.

«Бұл шара өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қолға алынып отыр. Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жұмыс күндері мешіттерде бес уақыт намазды жеке оқуға рұқсат етіледі. Бірақ, жұма намаздары оқылмайды. Сенбі, жексенбі күндері мешіттер жабық болады», - дейді Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда стационарлардың жансақтау бөлімінде жатқан 84

науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар