Атырау облысында мектепке «бомба қойған» жігіт қамауға алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында мектепке «бомба қойған» жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше, 3 тамызда 102 операторына «Индербор кентінде орналасқан мектептердің бірінде жарылғыш зат бар» деген хабар түскен.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті адамды анықтады. Индер ауданының орталығы – Индербор кентіне қонаққа келіп, жалған ақпарат берген Батыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынын ұстады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жалған хабар берген күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын 45 жастағы Атырау тұрғыны «сөмкемде бомба бар жарып жіберемін» деп елді қорқытқан.


Соңғы жаңалықтар