+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырау облысында мектеп бухгалтерлері 40 млн. теңгеден астам қаражатты заңсыз иеленіп кеткен

2019 жылғы 21 қараша 05:16
Бөлісіңіз:
Атырау облысында мектеп бухгалтерлері 40 млн. теңгеден астам қаражатты заңсыз иеленіп кеткен

АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырау облысының Тексеру комиссиясы Жылыой ауданының білім беру саласында аудит жүргізді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорданың 4 ауданының әкімі Open space форматында жұмыс істейді Нұрлан Қыдырбаев: Жемқорлар өз әрекеттерінің немен аяқталатынын  жете түсіне бермейді Елорданың жемқорлықпен күрес органдары 7,4 млрд. теңгені үкіметке қайтарды

Аудандық білім беру бөліміне қарасты 20 ұйым тексеріліп, тұтастай алғанда, 9 млрд. теңге қамтылды. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 228 млн. теңгеден астам бұзушылықтар анықталды. Қаржылық бұзушылықтардың сомасы – 200 млн.теңгеден астам.

Осы шараларға жауапты, Атырау облысының тексеру комиссиясының мүшесі Асылан Құмаровтың мәліметінше, аудиторлар 16 жалпы білім беретін мектепке бөлінген републикалық трансферттердің мақсатсыз пайдаланылуын анықтап, оның сомасы 23 млн. 283 мың теңгені құраған. Соның ішінде, бухгалтерлік есепке алуға жататын мәліметтерді жасырудың 9 фактісі болған. «Бір мектептің есепшісі жалақыны негізсіз төлей отырып, 2017-2019 жылдары өзінің жеке есеп-шотына 23 млн. теңге аударған. Тағы бір мектептің есепшісі осындай жағдайда осы жылдары 18 млн. теңгені жымқырған. Аталмыш фактілер бойынша жиналған материалдар шешім алу үшін құқық қорғау органдарына берілді», - деді Асылан Құмаров. Бұдан басқа да қаржылық бұзушылық фактілері анықталды. Мәселен, іссапар шығындарын артық төлеу, тапсырыс берушінің жеткізушіні жосықсыз деп тану туралы сотқа уақытылы шағымданбауы, есептелген салықты төлеуден жалтару, оқу жабдықтарының пайдаланылмай тұруы және басқа да бұзушылықтар. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы өңірдің білім беру саласына мониторинг жасап, аудит жүргізуді жалғастыруда. Басты міндет – бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT