Атырау облысында мектеп бітіретін 167 түлек Алтын белгіге үміткер болып отыр

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында орта мектептің 11-сыныбын 5 мың 683 оқушы бітіреді. Оның ішінде 167 түлек Алтын белгіге үміткер болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманованың айтуынша, өңірде жалпы орта білім беретін 211 мектеп бар.

«Облыстағы 211 білім ордасында 141 мың 228 оқушы оқыр жүр. Биыл 5 мың 683 түлек 11-сыныпты аяқтап, аттестат алғалы отыр. Мектеп түлектерінің арасында Алтын белгіге үміткерлердің саны – 167. Ал, 248 түлек үздік аттестат алуы мүмкін», -деп хабарлады Орынтай Биманова.

Оның дерегіне сүйенсек, 9-сыныпты 11 мың 789 бітіреді. Олардың арасында үздік аттестат алуға үміткер 478 оқушы бар.

«Қорытынды аттестаттау емтихандары 9-10 сыныптар үшін 2-13 маусым, ал, 11-12 сыныптар үшін 5-19 маусым аралығында өтеді. Емтихан қорытындысы арқылы қанша оқушының Алтын белгі, қаншауының үздік аттестат алатыны белгілі болады», -деп мәлім етті Орынтай Бименова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мектебіне жазушы Әбіш Кекілбайұлының есімі берілгенін хабарлаған болатынбыз.

Атырау қаласындағы №41 орта мектепке мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының есімімен аталды.

Аталған мектеп мұнайлы шаһардағы «Самал» шағынауданында орналасқан.

Қазір білім ордасында 800-ден астам оқушы білім алады. Алдағы оқу жылында мектепте «Әбіштану оқулары» бағытымен қосымша сабақ жүргізу көзделген.

Сондай-ақ, жаңадан ашылатын екі мектепке әл-Фараби мен Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар