Атырау облысында мас жүргізуші қағып кеткен 11 жасар бала көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында мас жүргізуші көлігімен 11 жасар баланы қағып, мерт етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Қызылқоға ауданының орталығы Миялы кентінде болған. Көшелердің бірінде 11 жасар баланы көлік қағып кеткен. Ауданның орталық ауруханасына ауыр жарақатпен жеткізілген баланы дәрігерлер құтқарып қала алмады.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Көлікті тізгіндеген жүргізуші мас болған.



Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар