USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атырау облысында мал іздеуге шыққан ер адам жоғалып кетті

2021 жылғы 8 желтоқсан 09:48
Бөлісіңіз:
Атырау облысында мал іздеуге шыққан ер адам жоғалып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында мал іздеуге шыққан 41 жастағы ер адам адасып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 6 желтоқсанда сағат 20:00 шамасында Қызылқоға аудандық полиция бөліміне 41 жастағы ер адамның отбасына оралмағанын хабарлаған.

«Миялы ауылында тұратын әйелдің айтуынша, күйеуі – 41 жастағы Асхат Көшелековтің Жангелдин ауылының аумағындағы «Қазы» қыстағынан мал айдап​ келуге кеткен. Алайда, үйіне қайта оралмаған. Аудандық бөлім полицейлері жедел жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жоғалған ер адамды кешкі сағат 23.30 шамасында ауылдан 40 шақырым қашықтықтағы «Жұмыршы» учаскесінен тапты» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал, Асхат Көшелековтің айтуынша, 2 айдан бері жоғалған малын іздеген. Бұл күні ол ауылға қайтар жолда адасып кеткен.

Күні бойы тамақтанбай, жауын астында қалып, әбден әлсіреген.

«Соңғы күндері ауа-райы күрт өзгеріп, тұманның түсуі жиіледі. Бұл іздестіру жұмысын қиындатты. Бірақ, іздестіруді тоқтатпадық. Біз адасып кеткен Асхат Көшелековті тапқан сәтте оған алғашқы көмек көрсетіп, киімін ауыстырдық. Содан соң үйіне аман-есен жеткіздік», -дейді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ерлан Жұмагереев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт табылмай жатқанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT