Атырау облысында «Lexus LX470» көлігінен 468 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Lexus LX470» көлігінен 468 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол талғамайтын көлік Каспий теңізінің жағасында құмға батып қалған.

«Исатай аудандық полиция бөлімі мен ҰҚК Атырау облысы бойынша шекара департаментіне қарасты застава қызметкерлері бірлесіп Жанбай ауылының тұсында сағат 05:00 шамасында «Lexus LX470» маркалы көлігінен 120 дана, салмағы 468 келі бекіре тұқымдас балығын тәркіледі. Жарты тоннаға жуық бағалы балықты тиеген жол талғамайтын көлік Каспий теңізінің құмды жағалауында батып қалған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында арнайы операция кезінде 812 келі бекіре тәркіленген еді.


Соңғы жаңалықтар