Атырау облысында қылмыс деңгейі 38 пайызға төмендеген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қылмыс деңгейі 38 пайызға төмендеген.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Өткен жылы 2019 жылмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 38% - ға төмендеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейі 36,5% – ға, аса ауыр қылмыстар – 2%-ға, ауырлығы орташа және жеңіл қылмыстар – 51% - ға, жол-көлік оқиғалары-24% - ға төмендеді»,- деді өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Сонымен қатар оның сөзінше, басқару орталығының бейнекамераларының көмегімен 286 қылмыс, оның ішінде 133 ұрлық ашылып, 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын жерлерде 6 модульдік полиция бекеті мен облыс бойынша қосымша 10 стационарлық бекет орнатылған.

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов бұған қоса, биыл облыс аумағында тағы 10 стационарлық бекет ашылатынын жеткізді.

Айта кету керек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп берді. Тұрғындар сұрақтарын телефонмен және коммуникацияның барлық түрлері арқылы қойып, жауап алды.


Соңғы жаңалықтар