+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Атырау облысында құрылысшылар жатақханасы өртенді: 4 адамның денесі табылды

2018 жылғы 2 наурыз 12:20
Бөлісіңіз:
Атырау облысында құрылысшылар жатақханасы өртенді: 4 адамның денесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында Қарабатан «Газтурбиналық электр стансысының» құрылыс аумағында контейнер типтес жатақхана өртенді. Қазіргі уақытта қаза болған 4 адамның денесі табылды, 4 адам зардап шеккен. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарабатан «Газтурбиналық электр стансысы» Атырау қаласынан шамамен 40 шақырым жерде, Қызылқоға ауданы аумағында салынуда. Ол вахталық қалашықта орналасқан. Өрт бүгін, таңғы сағат 08.41-де шыққан.

«Өрт кезінде жатақханада түнгі ауысымдағы жұмысшылар - шамамен 20 адам болды. Осы уақытта 4 адамның мәйіті табылды. Тағы 4 адам зардап шекті», - деп атап өтті Р.Иманқұлов.

Жалын шарпыған аумақ 500 шаршы метр шамасында. Өрт 10.25-те оқшауланып, 10.45-те толығымен сөндірілді. Оның шығу себептері анықталу үстінде.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облыстық өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дарын Нұрсапар

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT