Атырау облысында қой шешегінен зардап шеккен шаруашылыққа өтемақы төленеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қой шешегінен зардап шеккен шаруа қожалығына мемлекет өтемақы төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылында қой қырылды. Жалпы 1460 бас уақ мал қырылған. Малдың қой шешегінен қырылғаны анықталды. Осы жұқпалы аурудан зардап шеккен шаруа қожалығына мемлекет өтемақы төлейді. Шаруаларға әр мертіккен үлкен қой үшін 45 мың теңге өтемақы төленуі мүмкін», - дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.

Еске сала кетейік, Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік ауылдық округінде қой шешегіне байланысты карантин режимі енгізілген болатын.

Автор:А. Соколов

Соңғы жаңалықтар