Атырау облысында көші-қон заңнамасы 1 381 мәрте бұзылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көші-қон заңнамасы 1381 мәрте бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-12 шілде аралығында «Заңсыз мигрант – 2021» жедел профилактикалық іс-шарасы өткен.

Оның қорытындысымен көші-қон саласындағы заңнаманы бұзудың 1 381 дерегі анықталды.

«Оның ішінде ҚР Халықтың көші-қоны туралы заңын бұзған 1 063 шетелдікке әкімшілік шара қолданылды. Ал, 22 шетелдік көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін сот шешімімен елден шығарылды. Бұған қоса, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 318 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, құрылыс алаңдарында жеке басын куәландыратын құжатсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 188 азаматы анықталған.

Шетелдіктер қабылдау-тарату орнына оқшауланған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 16 мигрант көпқабатты үйдің құрылысына заңсыз тартылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар