Атырау облысында қоршаған ортаға 1 млрд 15 млн теңгенің залалы келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында былтыр қоршаған ортаға 1 млрд 15 млн теңгенің залалы келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметовтің мәліметінше, атмосфералық ауаны ластаушылар қатарында мұнай өңдеу зауыты мен мұнай өндіруші кәсіпорындар бар. Сондай-ақ, «Тухлая балка», «Квадрат» булану алаңдары мен қатты тұрмыстық қалдықтар алаңы қоршаған ортаны ластаушылар қатарына кірген.

«Былтыр жоспардан тыс 52 тексеру жүргізілді. Экология заңнамасының талаптарын бұзған 177 дерек анықталды. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың көлемі 1 млрд 15 млн 750 мың теңгені құрады. Сот шешімімен «SAT Trans Service» ЖШС-нің қалдықтарды басқару кешенінің жұмысы тоқтатылды. «Bazis Constructtion» ЖШС-нің суды уақытша деминерализациялау қондырғысын, «KSS» ЖШС-не қондырғыларды пайдалануға тыйым салынды. Сот шешімдері заңды күшіне енді», -деп мәлім етті Әлібек Бекмұхаметов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында былтыр ауыр салмақты көлік иелері 52 млн теңге айыппұл төлегенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар