Атырау облысында коронавирустен 233 адам қайтыс болған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері коронавирус инфекциясынан 233 адам қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, Атырауда күрделі эпидемиялық ахуал қалыптасып отыр.

«Соңғы 7 тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 30%-ға артты. Мәселен, 16 шілдеде 342, 22 шілдеде 489 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Осыған байланысты 414 резервтік төсек-орынның 99%-ы науқастарға толды», - дейді Қайсар Абдалиев.

Оның мәліметінше, былтыр коронавирус инфекциясынан 110 адам қайтыс болған. Ал, биылғы қаңтардан бері қайтыс болғандар адамдардың саны 233-ке жеткен.

«Атырау облысында 67 науқас жансақтау бөлімінде емделуде. Оның ішінде 54 адамның жағдайы ауыр, 13 науқас өте ауыр халде жатыр. Науқастардың арасында 11 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп мәлім етті Қайсар Абдалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 160 адам қайтыс болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар