Атырау облысында коронавирустан 2 науқас қайтыс болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 2 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте қауіпті вирусқа 28 адам шалдыққан.

«Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың жаңадан 20 жағдайы расталды. Ал, Теңіз кен орнында – 3, Индер ауданында – 3, Жылыойда – 1, Құрманғазы ауданында 1 науқас анықталды. Қазір 136 адам үй жағдайында оқшауланған. Модульдік ауруханада – 90, Теңіз кен орнындағы стационарда – 33, аудандардағы инфекциялық стационарларда 22 науқас емделуде. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 2 науқас қайтыс болды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өңірдегі 580 төсек-орны бар инфекциялық стационарлардағы жүктеме 25%-ды құрап отыр. Инфекциялық стационарлардың 58 орынға есептелген жансақтау бөлімшелерінде жағдаййы ауыр 21 науқас жатыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 4 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімшелердегі жүктеме – 36,2%.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырған 17 науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар