Атырау облысында коронавирустан 1,3 мың науқас емделіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 324 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, кеше қауіпті вирус 157 адамнан анықталған. Оның ішінде 104 жағдай Атырау қаласында тіркелген.

Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнында 13, Жылыой ауданында 15, Индерде – 10, Құрманғазыда – 9, Исатайда – 8, Мақатта – 4, Махамбет ауданында 2 адамнан коронавиурс инфекциясының белгісі табылған.

«Қазір үйінде 730 адам емделіп жатыр. Бұған қоса, модульдік ауруханада – 193, №2 облыстық ауруханада – 143, аудандардағы стационарларда – 144, фтизиопульманологиялық орталықта 67 емделуде. Ал, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 44 науқас оқшауланған» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырған 38 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар