Атырау облысында коронавируспен ауырғандар саны барлық ауданда өсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде 489 адам коронавиурс инфекциясына шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау қаласында 278 науқас тіркелген. Ал, Теңіз кен орнында 29 науқас анықталған.

Қауіпті вирусты жұқтыру дерегі барлық ауданда көбейіп отыр. Мәселен, Жылыой ауданында 86, Индерде – 23, Исатайда – 23, Құрманғазыда – 19, Махамбетте – 19, Қызылқоғада – 6, Мақат ауданында 6 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі расталған.

«Қазір үйінде емделу үшін 2848 адам оқшауланды. Аудандардағы инфекциялық стационарларда 295, ал, №2 облыстық ауруханада 207, модульдік ауруханада 197, кардиологиялық орталықта 110, теміржол ауруханасында 108, фтизиопульманологиялық орталықта 100 науқас емделіп жатыр. Теңіз кен орындағы стационарда жатқан пациенттердің саны 165 адамға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирусқа шалдыққандардың тең жартысы ауруды той мен садақадан жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар