Атырау облысында коронавируспен ауырған 8 науқастың жағдайы ауыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында коронавируспен ауырған 8 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың көбеюі эпидемиологиялық ахуалды күрделендіріп отыр.

«Қазір өңірдегі инфекциялық стационарларда 580 төсек-орын бар. Стационарларда қауіпті вирусқа шалдыққан 285 науқас емделіп жатыр. Мұндағы жүктеме – 49,1%. Инфекциялық стационарлардың 58 орынға есептелген жансақтау бөлімінде жатқан 8 науқастың жағдайы нашарлады. Жағдайы өте ауыр 1 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 15,5%», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейген болатын.


Соңғы жаңалықтар