Атырау облысында коронавируспен ауырған 3 адам қайтыс болды
2022 жылғы 28 қаңтар 22:11

Атырау облысында коронавируспен ауырған 3 адам қайтыс болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өткен тәулікте коронавируспен ауырған 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте – 27 қаңтарда 354 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған.

Атырау қаласы бұрынғыша қауіпті вирустың кең таралу ошағы ретінде қалып отыр. Өткен тәулікте мұнайлы шаһарда 221 адамнан коронавирустың белгісі табылған. Ал, Теңіз кен орнында 32 жұмысшы, Жылыой ауданында 47, Қызылқоғада – 16, Индерде – 14, Құрманғазыда – 11, Исатайда – 7, Мақатта – 3, Махамбет ауданында 3 науқас тіркелген.

«Қазір өз үйінде 6 911 адам емделіп жатыр. Өңірдегі 2 360 орындық инфекциялық стационарларда ем-дом қабылдау үшін 355 науқас (жүктеме – 15%) оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада – 175, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 64, фтизиопульманологиялық орталықта – 58, №2 облыстық ауруханада – 52, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда 6 пациент бар. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Ashyq қосымшасымен «қызыл» мәртебесі бар 61 адам анықталғанын жазған болатынбыз.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT