Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны тағы көбейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тағы көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясына 446 адам шалдыққан.

«Оның ішінде Атырау қаласында 302 жағдай расталды. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 19 науқас анықталды. Қауіпті вирус аудандарда да таралып отыр. Жылыой ауданында 64, Махамбетте – 17, Құрманғазыда – 10, Индерде – 10, Исатайда – 9, Қызылқоғада – 8, Мақат ауданында 7 адам індет жұқтырған. Коронавирус инфекциясы бар 317 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір үйінде 3 198 адам емделіп жатыр. Сондай-ақ, аудандардағы инфекциялық стационарларда 296, ал №2 облыстық ауруханада 204, модульдік ауруханада 194, Теңіз кенішіндегі стационарда 182, теміржол ауруханасында 115, кардиологиялық орталықта 111, фтизиопульманологиялық орталықта 99 науқас оқшауланған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавируспен ауырғандар саны барлық ауданда өскенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар