USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді

2021 жылғы 30 қараша 12:15
Бөлісіңіз:
Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарсаны күрт төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте 124  адам коронавирус пневмониясына шалдыққан Өткен тәулікте 2236 адам коронавирус індетінен сауықты Қазақстанда өткен тәулікте 15872 адам коронавирусқа шалдыққан

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен

тәулік – 29 қарашада қауіпті вирусқа 4 адам шалдыққан. Оның ішінде Атырау қаласында –2, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнында – 1, Қызылқоға ауданында 1 науқас анықталып отыр.

«Қазір 108 адам үй жағдайында, 580 орынға арналған инфекциялық стационарларда 111

адам емделіп жатыр. Мұндағы жүктеме 19,1%-ды құрайды. Өңірдегі модульдік

ауруханада – 69, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 21, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 21 науқас оқшауланған», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, 58 төсек-орны бар жансақтау бөлімшелерінде жағдайы ауыр 11 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Бұл бөлімдегі жүктеме –18,9%. Өкпені жасанды желдету

аппаратына бірде-бір науқас қосылмаған.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 1 адам қайтыс болған.

Еске сала кетелік, бұған дейін «жасыл» аймақтағы Атырау облысында вирус жұқтырған 20 науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT