Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт азайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарсаны күрт азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, соңғы

тәулікте 23 адам қауіпті вирусқа шалдыққан. Оның ішінде Атырау қаласында 15 науқас

тіркелген. Теңіз кен орнында – 1, Қызылқоға ауданында – 5, Құрманғазыда – 2, Мақат

ауданында 1 адамнан коронавирус белгісі табылған.

«Өткен тәулікте 124 науқас сауығып шықты. Қазір үй жағдайында 541 адам емделіп

жатыр. Сондай-ақ, модульдік ауруханада – 112, №2 облыстық ауруханада – 58,

аудандардағы инфекциялық стационарларда – 36, Теңіз кен орнындағы стационарда 69

пациент оқшауланған», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирустан 710 адам үйінде

емделіп жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар