Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны қайта көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте – 5 қазанда 46 адамнан қауіпті вирус анықталған.

Оның ішінде Атырау қаласында - 32, Теңіз кен орнында - 4 науқас тіркелген.

Сондай-ақ, Индер ауданында – 5, Жылыойда – 2, Құрманғазы ауданында 2 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

«Өткен тәулікте қауіпті вирустан 4 адам қайтыс болды. Ал, 109 пациент емделіп шықты. Қазір 488 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Инфекциялық стационарларда 265 науқас ем-дом қабылдауда. Оның ішінде модульдік ауруханада – 108, Теңіз кенішіндегі стационарда – 70, ал, №2 облыстық ауруханада – 49, аудандардағы инфекциялық стационарларда 38 пациент оқшауланған» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар біршама азайғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар