Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте 126 адам қауіпті вирусқа шалдыққан. Оның ішінде Атырау қаласында 85, Теңіз кен орнында 36 науқас анықталған. Ал, Жылыой ауданында 4, Махамбет ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылған.

«Өткен тәулікте қауіпті вирустан 643 адам сауығып шықты. Қазір үй жағдайында емделу үшін 7 624 адам оқшауланған. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 451, аудандардағы стационарларда – 279, №2 облыстық ауруханада – 176, модульдік ауруханада – 170, теміржол ауруханасында – 83, кардиологиялық орталықта – 73, облыстық ауруханада – 53, фтизиопульманология орталығында 53 науқас емделіп қабылдауда. Сондай-ақ, стационарға лайықталған жатақханада 76 пациент жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 574 науқас жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар