+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар көбейді

2021 жылғы 21 шілде 12:38
Бөлісіңіз:
Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар көбейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарсаны көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1652 науқастың жағдайы ауыр Өткен тәулікте Қазақстанда 4 933 адам коронавирустан жазылды Өткен тәулікте Қазақстанда 7 803 адамнан коронавирус анықталды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілдеде 348 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

«Соңғы тәулікте Атырау қаласында 212 науқас тіркелді. Теңіз кен орнында 34 жұмысшы індет жұқтырды. Жылыой ауданында 43, Құрманғазыда – 14, Исатайда – 13, Индерде – 11, Мақатта – 10, Махамбетте – 10, Қызылқоға ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылды», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 105 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде аудандардағы стационарларда 271, №2 облыстық ауруханада 203, модульдік ауруханада 188, теміржол ауруханасында 107, кардиологиялық орталықта 101, фтизиопульманология орталығында 96 науқас бар.

Ал, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 139 пациент, өз үйінде емделу үшін 2 399 адам оқшауланған.

Еске сала кетелік, бұған дейін «қызыл» аймақтағы Атырауда 2 907 науқас коронавирустан емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT