Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар қайта көбейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қайта көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен

тәулікте 89 адам қауіпті вирусты жұқтырған. Ал, инфекциялық стационарларда 371 науқас

ем қабылдап жатыр.

«Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 64 жағдайы тіркелді. Теңіз кен

орнында – 5, Жылыой ауданында – 7, Қызылқоғада – 5, Мақатта – 4, Исатайда – 3,

Махамбет ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір 399 адам үй

жағдайында емделуде. Сондай-ақ, модульдік ауруханада – 139, №2 облыстық ауруханада

– 115, аудандардағы стационарларда – 64, Теңіз кен орнындағы стационарда – 48,

фтизиопульманологиялық орталықта 5 адам емделу үшін оқшауланды» -деп хабарлады

басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының әкімі вакцинанацияны жандандыруды

тапсырған болатын.


Соңғы жаңалықтар