Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар біршама азайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарсаны тағы да азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте қауіпті вирусты жұқтыру дерегі азайып, 19 науқас анықталған.

«Коронавирус инфекциясының таралу ошағы – Атырау қаласы. Мұнда 10 адам қауіпті

вирусқа шалдыққан. Ал, Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында – 8, Қызылқоға ауданында 1 науқас тіркелді. Өткен тәулікте 17 пациент сауығып шықты» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науқастар саны да азайған.

Қазір үй жағдайында емделу үшін 548 адам оқшауланған. Сондай-ақ, модульдік ауруханада – 111, Теңіз кен орнындағы стационарда – 68, №2 облыстық ауруханада – 52, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 38 пациент емделіп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар күрт

азайғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар