+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырау облысында коронавирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдер көбейді

2021 жылғы 20 қазан 18:21
Бөлісіңіз:
Атырау облысында коронавирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдер көбейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдер көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сеулде коронавирус жұқтырушылардың тәуліктік көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті Эпидахуалды бағалау матрицасы: «Қызыл» аймақта - бір ғана Солтүстік Қазақстан облысы Өткен тәулікте 1137 адам коронавирус індетінен сауықты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте қауіпті вирусқа шалдыққан 41 адам анықталған.

Оның ішінде 25 науқас Атырау қаласында тіркелген.

Ал, Теңіз кен орнында – 9, Жылыой ауданында – 3, Исатайда – 1, Құрманғазыда – 2, Мақат ауданында 1 адамнан коронавирустың белгісі табылған.

«Өңірде 312 адам үй жағдайында ем-дом шарасын алып жатыр. Модульдік ауруханада – 91, Теңіз кенішіндегі стационардарда – 71, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 36, ал, №2 облыстық ауруханада 14 пациент оқшауланған. Сондай-ақ, 25 жүкті әйелдің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Қазір оның 11-і инфекциялық стационарларда, 14-і амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Бұған қоса, 104 балаға қауіпті вирус диагнозы қойылды. Үш бала стационарларда, 101 бала үйінде емделуде» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 97 бала коронавируспен ауырып жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT