+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 27 науқастың жағдайы ауыр

2021 жылғы 27 қыркүйек 17:36
Бөлісіңіз:
Атырау облысында коронавирус жұқтырған 27 науқастың жағдайы ауыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан27 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды коронавирустың қайта өршуіне жол бермеуге шақырды Атырау облысында коронавирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдер көбейді Өзбекстанда балалар арасында коронавирус жұқтыру жиілеп кетті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа

сүйенсек, инфекциялық стационарларда 327 науқас оқшауланған.

«Өңірде қауіпті вирусты жұқтырушылардың азаюына байланысты инфекциялық

стационарларда 2 352 төсек-орын бар. Қазір мұндағы жүктеме 13,9%-ды құрайды.

Стационарлардағы 90 орындық жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 27 науқас

емделіп жатыр. Оның ішінде хал-ахуалы өте ауыр 4 пациент өкпені жасанды желдету

аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 30 пайыз» -деп мәлім етті басқарманың

баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 30 науқас жансақтау бөлімінде

жатқанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT