Атырау облысында коронавирус жұқтырған 102 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдығып, жағдайы нашарлаған 102 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, инфекциялық стационарларда қауіпті вирусты жұқтырған 1 674 науқас оқшауланған.

«Қазір 3 012 төсек-орны бар стационарлардағы жүктеменің үлесі 55,6%-ды құрап отыр.

Стационарлардағы 123 орынға арналған жансақтау бөлімінде 102 науқас емделіп жатыр.

Оның ішінде 10 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме 82,9%-ға жетті», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жансақтау бөлімінде жатқан 101 науқастың жағдайы ауыр екенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар