Атырау облысында коронавирус жұқтырған 10 адам анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 10 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қауіпті дертке шалдыққандардың сегізі – Атырау қаласынан, 1 адам – Жылыой ауданынан, ал 1 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. Бес науқаста індет симптомды, қалған бесеуінде симптомсыз өтуде» -деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша 57 адам қауіпті инфекциядан жазылып шыққан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында карантиндік шектеулердің неге күшейтілгенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар