Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 2 адам қайтыс болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 148 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

«Өңірдегі 2 360 төсек-орынға арналған инфекциялық стационарларда коронавируспен ауырған 256 адам (жүктеме 10,8%) емделіп жатыр. Ал, стационарлардағы 106 орынға еесптелген жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 21 науқас оқшауланған. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 19,8%. Өткен тәулікте қауіпті вирустан 2 науқас қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус инфекциясымен 5 808 адам ауырып жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар