Атырау облысында колледж студенттері үшін 12 жатақхана салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -  Атырау облысында колледж студенттеріне арналып 12 жатақхана салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Атырау облысының 25 колледжінде 17 мың білім алушы бар. 10 колледж 722 орынға арналған жатақханалармен жабдықталған, алайда 1450 студент баспанаға мұқтаж. Дәл қазір өңірде жаңа жатақханалардың құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, «Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыкалық колледжінде 100 орындық және Исатай ауданына қарасты Аққыстау ауылындағы кәсіптік-техникалық колледжде 100 орынға арналған жатақханалар салынып жатыр. Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 100 орындық жатақханасына және Атырау аграрлық-техникалық колледжі студенттері үшін 150 орындық жатақханаға арналған жобалық-сметалық құжататтама әзірленді», - деді облыстық Білім басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев.

Қ. Кенжеғалиевтің айтуынша, облыстың сегіз кәсіптік-техникалық білім мекемелеріне арналған 960 орындық жатақханалардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар