Атырау облысында көліктен түсетін салық кеміген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында салық түсімі кеміген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысында белгілі болды.

«2018-2019 жылдары Атырау облысында өзіндік құны 22 млрд теңгені құрайтын 2622 пәтерлі 27 тұрғын үй іске қосылды. Ал, осы мерзімде салық өсімі 2 миллион теңгені құрады. Облыс бойынша тіркелген жеңіл көлік саны өткен жылы 9 пайызға өскен, ал жергілікті бюджетке түсетін көлік салығы керісінше 121 млн теңгеге кеміп отыр. Сондықтан, жергілікті жерде бюджеттің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету маңызды. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттің қаржысын үш жылға жоспарлау қамтамасыз етілуі керек» -деді Парламент Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Омархан Өксікбаев.


Соңғы жаңалықтар