Атырау облысында көктемгі балық аулау маусымы басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көктемгі балық аулау маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, 24 наурызда 30 кәсіпорын көктемгі балық аулау маусымына кіріскен. Ал, өткен аптада Құрманғазы ауданындағы жергілікті 5 өндірістік кооператив пен серіктестік балық аулауды бастаған.

«Қазір облыстың балық шаруашылығы саласында 4,5 мың адам жұмыс істейді. Олар тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылып отыр. Көктемгі балық аулау маусымы 25 мамырға дейін жалғасады. Содан кейін 1 тамызға дейін тоқтатылады. Ал, күзгі балық аулау тамызда маусымы басталып, мұз қатқанға дейін созылады. Әр кәсіпорында балық аулау маусымын сәтті өткізуге толық жағдай жасалып отыр. Балық аулау лимиті өткен жылы бөлініп берілді» -дейді Артур Сәдібекұлы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудан 11 мың тонна өңделген балық экспортталғаны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар