Атырау облысында киікті заңсыз атқандарға 12 қылмыстық іс қозғалған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері киікті заңсыз атқандарға12 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің

айтуынша, кең ауқымды «Киік» шарасы өтіп жатыр.

«Ақцияның мақсаты – жойылып бара жатқан киіктерді атудың жолын кесу, оның

өнімдерін заңсыз дайындау, сату, сатып алу және елімізден тыс жерге шығарумен айналысатын адамдарды анықтау. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жыл басынан бері 42 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ҚР Әкімшілік

құқықбұзушылық туралы туралы кодексінің 382-бабымен (Аң аулау қағидаларын бұзу) 35

хаттама толтырылды. Құқық бұзушылардан тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қарулары

мен киіктің 500-ден астам мүйізі тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен

(Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген,

сондай-ақ пайдалануға тиым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) 12 қылмыстық іс қозғалып, оның 7-еуі сотқа жолданды», - дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда браконьерлердің табиғатқа 1,5 млрд теңге шығын келтіргенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар