22:53, 17 Ақпан 2021 | GMT +6
Атырау облысында қажетті дәрі-дәрмектердің барлығы бар – әкім
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирусқа қарсы тәуліктік ПТР-тест 7 мыңға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовьің айтуынша, пандемия басталған алғашқы кезеңде өңірде тәулігіне 350 тест зерттеуін жүргізетін 2 ПТР зертхана болған. Ал қазір зертханалардың саны 11-ге жетіп, тәулігіне 7 мың ПТР-тест жүргізіледі.
«Дәрілік заттардың тұрақты қорын және дәріханалар желісінде олардың төмендемейтін қорын қалыптастырдық. Осы мақсатта «Атырау» ӘКК» АҚ арқылы «Іңкәр» ЖШС-не 500 млн теңге бөлініп, негізгі дәрілік заттардың 42 атауы сатып алынды. Қазір облыстың дәріханалар жүйесінде қажетті дәрі-дәрмектердің барлығы бар» дейді Махамбет Досмұхамбетов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда былтырғы наурыздан бері 643 мың ПТР-тест жүргізілгенін хабарлаған болатынбыз.