Атырау облысында қайық аударылып бір адам суға кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында аударылған қайықта болған ағайындының бірі суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға бүгін, 24 сәуірде сағат 01:30-да болған.

«Құрманғазы ауданында ағайынды екі жігіттің Бірлік ауылынан 35 шақырым қашықтағы Қиғаш өзеніне балық аулауға барған. Түнгі сағат 01:30-да ағайынды жігіттер отырған қайық аударылған. Ағайындының үлкені өз бетімен жағалауға шыққан. Ал, 1993 жылғы інісі Қиғаш өзеніне батып кеткен», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қиғаш өзенінен батқан жігітті іздестіру бүгін, 24 сәуірде сағат 10:30-да басталды. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкер суға батып кеткен жігіттің мәйітін сағат 13:45-те тауып, судан шығарған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын өзеннен атпен кесіп өтпек болған жігіттің мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар