Атырау облысында қатты жел тұруына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Атырау облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке қарағанда, 10 тамыз күні Атырау облысының кей жерлерінде солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау қаласында 10 тамыз күні күндіз жел солтүстіктен секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Еске сала кетейік, бұған дейін республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар